2016 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Шексіз білім» жобасының I кезеңін жүзеге асыру барысында «Атом ядросы физикасы тарауын қайталау» тақырыбы бойынша ҰБТ үлгілік тапсырмаларын шешудегі оқушылардың жалпы оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған облыстық онлайн сабақ өткізілді.Онлайн сабақты Жезқазған қаласының №11 ЖББОМ 11 сыныбында физика пәнінің мұғалімі Кошербаева Анаркуль өткізді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 34 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Сабақтың мақсаты оқушылардың шығармашылық ізденісіне, есеп шығару дағдыларын дамытуға, ой-пікірін айта білуге, оқушының ойлауын, есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін жетілдіруге жоспарланған.
Тапсырмалар ҰБТ – ға дайындық шеңберінде таңдап алынған. Оқушылар сабақта физикалық құбылыстар мен заңдарды терең талдап, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтады. Бүгінде қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Сынақты жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Мектеп бітірушілерді физика пәнінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне, талап қоя білуіне байланысты.