Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық «Үздік бейнесабақ» байқауы
27-10-2022 22:59
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық «Үздік бейнесабақ» байқауы

      Қазақстан  Республикасының  «Білім туралы» Заңы, «Тіл туралы» заңын жүзеге асыру және педагогтердің  кәсіби құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2022 жыл 27 қазан күні қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасындажазушының өмірі мен шығармашылығына арналған«Үздік бейнесабақ» байқауының ақтық кезеңін online форматта ұйымдастырып өткізді, қорытындысын шығарды.

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі ұстаздар жүлделі орындарға ие болды:

  1. Оқыту қазақ тіліндегі сыныптар бойынша (Т1):

Облыстық Жамбыл атындағы ММЛИ мұғалімі Тилеубаева Камшат Олжасовна – І орын;

Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы МЛ мұғалімі Кызырова Асем Бериковна – ІІ орын;

Шет ауданы Ақадыр кенті Ю.А.Гагарин ат. МЛ  мұғалімі Азбаева Ляйля Хамиевна – ІІ орын;

Балқаш қаласы «№24 мектеп-интернаты» мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна – ІІІ орын;

Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы МГ мұғалімі Тажибеков Серикбол Даулетович – ІІІ орын;

Қарағанды қаласы Әл Фараби ат. МГ мұғалімі Аскарбаева Толкын Амангелдиевна – ІІІ орын

 

  1. Оқыту орыс тіліндегі сыныптар бойынша (Т2):

Теміртау қаласы №31  ЖББМ  мұғалімі Искакова Райкул Галымжановна – І орын;

Қарағанды қаласы Шәкәрім атындағы гимназия мұғалімі Аханова Айзада Женисовна – ІІ орын;

Абай ауданы №1 қосымша білім беру МО мұғалімі Әбілдина Перизат Азатовна – ІІІ орын.

Байқауға қатысқан барлық ұстаздарға алғыс айтамыз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!