ОҚУ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА
14-11-2022 11:46
2022 жылдың 14-18 қарашасы аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Кітап жәрмеңкесі» оқу сауаттылық апталығын өткізуде.
Апталықтың мақсаты:тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша топтардағы жұмысты жандандыру.
Міндеттері:
1. Балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жаңарту арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылында балаларды кітапқа тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру;
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын дамыту;
3. Балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, кітап сүйер қауымды әлемге тарту;
4. Ата-аналарды балалардың оқырман қызығушылығын, кітапқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты дамытуға ынталандыру;
5. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу сауаттылығына тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
1. мектеп жасына дейінгі балалар көркем әдебиетті қызығушылықпен оқиды;
2. кітапқа ұқыпты қарайды;
3. ата-аналар балаларды әдебиет оқуға ынталандырады;
4. мектеп жасына дейінгі балаларда оқу сауаттылығы қалыптастырылды.
               Оқу сауаттылық апталығы. Қарағанды облысының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында «Кітап жәрмеңкесі» өтеді.
 
1-күн– ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ. «Ойнада күл, оқыда біл».
2-күн– «Кітап – құпия, кітап – қазына, кітап – барлық балалардың досы!».
3-күн– «Ғажайып ертегі әлеміне жетелейтін ойын».
4-күн–  «Кітап-моральдық принциптер мен моральдық нормалардың қайнар көзі».
5-күн– «ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ. Қазақ ақындарының шығармалары бойынша «Өлеңдер калейдоскопы» мәнерлеп оқу байқауы. 
#кішкентай оқырман#umckrg хэштегімен instagram, 
facebook платформасында іске қосыңыз