2022 жылдың 16 қарашасында «Студент жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру» тақырыбында педагогтер мен студенттердің ІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара педагогтардың қауіп-қатер тобымен және девианттармен жұмыс істеуде девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша педагогтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Конференция 2022-2023 оқу жылына арналған облыстық тәрбие жұмысының кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өтті.
Іс-шараның қонағы полиция майоры, Шығыс ОПП Теміртау қ. ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторыАскарова А.Б. болды.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- Жеке тұлға мінез-құлқының теориялық мәселелері;
- Студент жастар арасында ауытқушылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен, педагогтармен жұмыс істеу формалары мен әдістері;
- Студенттік ұжымда қолайлы климат құрудың шарттары.
Шараға Қарағанды облысының 50 инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен студенттер қатысты.