Химия мен биология сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
16-11-2022 16:37
Химия мен биология сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

       Қарағанды облысының білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 16 қарашада «Химия мен биологиясабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында химия және биология педагогтерінеарналған воркшоп өткізді.

Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда химия және биология мұғалімдерінің іс тәжірибесін тарату, тәжірибе алмасу.

Воркшоп барысында Саран қаласының педагогтері өздерінің көп жылдық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Химия мен биологияны оқуға деген ынта мен қызығушылықты дамыту мақсатында сабақтарда түрлі интерактивті сервистер, STEM тәсілдері, биология  пәнінде тапсырмаларды тиімді қолдану модельдерді бойынша №13 ЖББМ биология пәнінің мұғалімі Е. В. Черская, №6 ЖББМ химия пәнінің мұғалімі Т.А. Поляничка тәжірибелерімен бөлісті.

Биология сабақтарындағы үштілділік, оқушылардың тілдік құзыреттілігін кеңейту бағытындағы жұмысымен №1 МЛ биология пәнінің мұғалімі А. А. Фатыхова таныстырды.