Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша семинар-практикум
16-11-2022 17:37
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі  бойынша семинар-практикум

      2022 жылдың 16 қарашасында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес аудандық/ қалалық білім бөлімінің әдіскерлеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша семинар-практикум өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау бойынша ақпарат беру және оқушылардың күрделі мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту жолдары бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар-практикум барысында әдіскер Гулназ Бекетқызы  «Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау ережелері» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2021 жылғы 5 мамырдағы  № 204 бұйрығы туралы, ББЖМ өткізу тәртібі туралы айтып өтті.

              Практикалық бөлімде оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін ББЖМ арналған  «Оқусауаттылығы»бағытыбойынша  тестспецификациясы туралы Қарағанды қаласы «№ 32 ЖББМ» КММ мұғалімі Аубакирова Шугула Жаровна, оқыту орыс тіліндегі сыныптар үшін Шахтинск қаласы «№ 3 ЖББМ» КММ мұғаліміИбраева Баян Ондирхановна тапсырмалар құрастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға облыстың 100-ден аса педагогтері қатысты.