«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП» БЕЙІНДІК ЖОБАСЫ
22-11-2022 16:08
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП» БЕЙІНДІК ЖОБАСЫ

     2022 жылғы 22 қарашада Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» бірлесіп «Педогогикалық сынып» атты облыстық бейіндік жоба аясында ZOOM платформасында онлайн режимде «Мен педагог боламын»бейіндік жобасын іске асыру»тақырыбында нетворкинг өткізді. «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» педагогтері жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Мектеп директоры Л. А. Темерханова мектептің «Педагогикалық сынып» жобасын іске асыру мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Директордың орынбасары И. Е. Еркен «Педагогикалық сынып» жобасының іске асырылу барысымен бөлісті.

Директордың орынбасары Б. Ж. Махаева осы жобаны мектепте іске асырудың ерекшеліктері туралы сөз қозғады.

Психолог А. Б. Байсимакова оқушыларға болашақ кәсібін таңдауда  көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау туралы айтып берді.

Жобаны жүзеге асыру аясында Бөкетоватындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінің деканы,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор С. А. Муликова сөз сөйледі. Салтанат Алтаевна факультет қызметімен, мектеппен екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жолдарыментаныстырды. Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен «Өрлеу»Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалының Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әдіснама және педагогикалық инновациялар кафедрасының аға оқытушысы, тренер, педагогика ғылымдарының магистрі М. А. Мұқышева бөлісті.

Мектеп түлегі, үздік аттестат иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы,Назарбаев Университетінің 1-курс студенті Боташ Мерей таңдағанмамандығыменбөлісті– «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»!

Нетворкинг жұмысына адам қатысты.