«Дәрігер сағаты» кеңес беру күні
22-11-2022 11:04
«Дәрігер сағаты» кеңес беру күні

      Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен 2022 жылғы 22 қарашада «Медицинаға қадам» атты облыстық бейіндік жоба аясында ZOOM платформасында «Дәрігер сағаты» кеңес беру күні тақырыбында нетворкинг өткізді. Жобаға қатысушы мектептер осы тақырып бойынша атқарылған жұмыстарымен бөлісті. Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының химия пәнінің мұғалімі С.Т. Хасенова «Медицинаға қадам» жобасының іске асырылуы туралы және мектепте «Химия және медицина» курсының мұғалімі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, х.ғ.к. Кенжетаева С.О. сабақ беру ерекшеліктерімен және ғылыми жобаларды іске асыру жолдарымен бөлісті. Биология пәнінің мұғалімі Баданов Н.М. ғылыми жоба шеңберінде атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетті.