АНДАТПА
25-11-2022 11:29

Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығының оқу-әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС-мен бірге бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық шеберліктерін жетілдіру мақсатында 2022 жылдың 25 қарашасында Қарағанды қаласындағы «С. Саттаров атындағы мектеп-лицей» КММ-нің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасының аймақтық кезеңін өткізеді.

Аталған олимпиаданың аймақтық кезеңін өткізу барысында барлығы 8 жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады. Олимпиадаға Қарағанды облысының бастауыш сыныптарының 150-ден астам мұғалімі қатысады.

«Алтын тұғыр» олимпиадасының қатысушыларына сәттілік тілейміз!