Өнер және мәдениет саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары
23-11-2022 11:33
Өнер және мәдениет саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары

      2022 жылдың 16-18 қарашасында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде өнер және мәдениет саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері арасында II Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы өнер колледжі мен  Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің оқытушылары қатысты. 

Конкурс кәсіби шеберлікті арттыруға, өнер саласындағы оқытушыларды көтермелеуге және қолдауға, озық тәжірибені таратуға және кәсіби коммуникация саласын кеңейтуге бағытталған.

Байқау бірнеше кезеңдерде 8 құзыреттілік бойынша өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Барлық модульдер белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды, бұл қатысушылардың нәтижелерін ашық бақылауға мүмкіндік берді.

Тәттімбет атындағы өнер колледжі мен Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің оқытушылары өздерінің шеберліктері мен педагогикалық таланттарын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша біздің педагогтер жүлделі орындарға ие болды.

«Вокалдық өнер»номинациясы бойынша нәтижесі:

Академиялық ән салу

ІІ орын - Бойко Светлана Константиновна

Эстрадалық ән салу

ІІ орын - Фадеева Ольга Николаевна

Дәстүрлі ән салу

І орын - Әбдіғалым Азат Әсетұлы

«Хореография өнері»және «Актерлік өнер» номинациялары бойынша нәтижесі:

«Актерлік өнер»

ІІІ орын - Абдихаева Фарида Жапарбековна

«Аспаптық орындау»номинациясы бойынша нәтижесі:

«Аспаптық орындау»

ІІ орын - Абильдин Асет Токенович

«Жоғары концертмейстерлік өнері үшін»номинациясы:

Евтухова Яна Анатольевна

«Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері»номинациясы бойынша нәтижесі:

ІІІ орын - Кудашова Людмила Владимировна, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің, сондай-ақ Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің педагогтерін, ұжымын Республикалық конкурста лайықты жеңісімен құттықтаймыз.