2022 жылдың 29- 30 қарашасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсы өтеді.
30-11-2022 13:50

Құрылыс саласы бойынша үздік педагогтерді анықтау және ТжКОББ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін қолдау мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 29-30 қарашасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсын өткізеді. Іс-шара Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында өтеді. Конкурсқа өңірлік конкурстардың жеңімпаздары - арнайы пәндер оқытушылары мен «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша ТжКОББ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері («Бояу және сәндік жұмыстар», «Кірпіш қалау»  құзыреттіліктері) қатысады. Конкурс қатысушылары теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби біліктері мен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануды, жоғары еңбек мәдениетін көрсетеді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз (Гран-при) және жүлдегерлер (1,2 және 3 орын) анықталады.