Колледж студенттері арасындағы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Қазақ сахарасының қоңырауы» тақырыбындағы облыстық байқау
23-11-2022 16:05
Колледж студенттері арасындағы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған
      2022 жылдың 23 қарашасында "Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі" КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында колледж студенттері арасында "Қазақ сахарасының қоңырауы" атты  облыстық байқау  өткізілді. 
Байқау ұйымдастырушылары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі.
Шараға  83 қатысушы қатысты.
Байқау екі бағытта өткізіліп, қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 
"Кел,  балалар оқылық" бағыты бойынша:
І орын - «Қарағанды теміржол колледжі» КММ студенті Медеуұлы Алихан; 
ІІ орын - Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық -техникалық колледжі Қайдар Айтолқын Жанғазықызы;
ІІ орын - "Қарағанды техника-құрылыс колледжі" КМҚК  студенті Қанатқызы Жаннұр; 
ІІІ орын - «Қарағанды "Bolashaq" жоғары колледжі»  ЖММ студенті Мейраш Рамазан Әділұлы;  
ІІІ орын - "Шет тілдер колледжі" ЖММ студенті Жақанова Ажар.
"Дала жұлдызы" бағыты бойынша:
 І орын - "Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК тобы; 
ІІ орын - "Қарағанды техника-құрылыс колледжі" ҚМҚК тобы; 
ІІ  орын - "Қарағанды "Bolashaq"  жоғарғы колледжі" ЖММ; 
ІІІ орын - "Шет тілдер колледжі" ЖММ; 
ІІІ орын - "Қарағанды жоғары мейіргерлік колледжі" КМК.