Қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтерге арналған шеберлік сыныбы
24-11-2022 16:24
Қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтерге арналған шеберлік сыныбы
      2022 жылдың 24 қарашасында «JAŃASHYL USTAZ» зертханасында қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Сәндік-қолданбалы өнердің мүмкіндіктері» шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында Шахтинск қаласының «Ә. Ысмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК педагогтері  ағашқа сурет салу, сәндік-қолданбалы өнер бойынша витраждармен жұмыс істеудегі инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 
Шеберлік сыныбын өткізген педагогтер: Скурихина Анастасия Ильинична; Жүсіпбекова Әйгерім Біржанқызы; Бабакова Ирина Викторовна; Байгалиева Назира Нұрланқызы.