2022 жылдың 24 қараша күні білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптарда оқу үрдісін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып ұйымдастыру арқылы сапалы білім беру мақсатында онлайн режимде облыстық семинар өткізді.
Тақырыпқа сәйкес Нұра ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Каирбекова А.З. аудан бойынша шағын жинақты мектептермен жұмыстардың жүргізілу барысымен таныстырды, ал К.Шайменов ат. ЖББМ математика пәні мұғалімі Абишева К.С., Пушкин НОМ-тің бастауыш сынып мұғалімдері Мусина С.М., Жалпакова К.А., Жаңа-Құрылыс бастауыш мектептің мұғалімі Касенова Г.Б. және Байтуған ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аскарова Ж.Н. «Біріктірілген сыныптарда математика пәнін оқытуда кездесетін қиыншылықтар, оларды шешуде қолданылатын әдіс- тәсілдер», «Шағын жинақты мектепте үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері», «Шағын жинақты мектепте сабақты қалай қызықты өткізу керек?», «Біріктірілген сыныпта оқу үдерісін ұйымдастыру», «Шағын жинақты мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуы»тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында ұсыныс – пікірлер айтылды. Семинарға 100 педагог қатысты.