Қарағанды облысының химия, биология Ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 25 қарашасында «Инновациялық- педагогикалық технологиялар білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі» тақырыбында семинар өткізді.
Теміртау қаласының №9 лицей, №20 мектеп-лицей, №27, №23, №4 ЖББМ биология пәні мұғалімдері өткізген семинар, білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын және білім сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық педагогикалық технологияларға арналды. Мұғалімдер 3D MOZAIK цифрлық платформасында ДНҚ молекуласын егжей-тегжейлі зерттеген STEM зертханасымен танысты. Білім алушылармен сабақта және сабақтан тыс кезеңінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар саны: 70 педагог.