«Заманауи мектепке дейінгі ұйымды басқарудың өзекті мәселелері»
09-12-2022 06:33

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 05.12.2022 және 09.12.2022 ж аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың директор-резервтері үшін «Заманауи мектепке дейінгі ұйымды басқарудың өзекті мәселелері» білім беруді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында апталық курс (36 сағат) өткізіледі. Курстар мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі сұрақтарды қарастырады: «Нормативтік құқықтық актілер», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі», «Педагог кадрларды аттестациялау», «Заңнамалық және еңбек мәселелері», «Мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтер», «Мектепке дейінгі ұйымның стратегиясын дамыту», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық сауаттылықты енгізу», «ҰБДҚ және INDIGO электрондық платформаларындағы жұмыс және бақылау», «Мектепке дейінгі білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».