Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының аға вожатый, вожатыйларға арналған семинары
29-11-2022 04:47
Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының аға вожатый, вожатыйларға арналған  семинары
2022 жылдың 29 қарашасында«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
 орталығы» КМҚК Қарағанды облысы педагогтерінің «Өркен» қоғамдық бірлестігі жоспарына 
сәйкес «Мектеп тәлімгерінің қызметінде тәрбие бағытындағы жобаларды іске асыру» 
тақырыбында жас мамандар (аға вожатый, вожатый) үшін семинар өткізді.

Семинарда дәріс бергендер: Карпов Илья Борисович, Қарағанды облысы тәлімгерлер қауымдастығының төрағасы, Саран қаласының «№2 ЖББМ» КММ аға тәлімгері; Вернер Юлия Александровна, Теміртау қаласының «№11 ЖББМ» КММ педагог-психологі.