Размер шрифта:
«Жыл мұғалімі – 2022» облыстық байқауының екінші кезеңінің қорытындысы
25-11-2022 06:04
«Жыл мұғалімі – 2022» облыстық байқауының екінші кезеңінің қорытындысы

      Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2022 жылдың 22 – 25 қарашасы аралығында қалалық/аудандық білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының екінші кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты – мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, насихаттау және озық педагогикалық тәжірибені тарату. 

Байқаудың екінші кезеңіне 13 педагог қатысып, келесі 6 педагог финалдық турға өтті:

1) Куанышбаева Гаухар Салтанатовна, Балқаш қаласы, «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі»КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

2)Түркенова Айгерім Өміртайқызы, Саран қаласы, «Абай атындағы ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

3) Жанабекова Гаухар Аубакировна, Шет ауданы, «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мүғалімі;

4) Мининкова Татьяна Владимировна, Теміртау қаласы, «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ  бастауыш сынып мұғалімі;

5) Жумакелд Айжан, Абай ауданы, «Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

6) Шакетова Назира Жарылғаповна,          Приозерск қаласы, №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.