«Білімал. Электронды колледж» жүйесіндегі жұмыс тобының отырысы
30-11-2022 15:55
«Білімал. Электронды колледж» жүйесіндегі жұмыс тобының отырысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 30 қараша айында «Білімал. Электронды колледж» жүйесінде «Оқу процесі» электрондық журнал жүргізу жөніндегі жұмыс тобының онлайн-отырысын өткізді. Жұмыс тобының отырысына 16 адам қатысты.

Модуль білім беру ұйымындағы оқу процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға, оқу процесін автоматтандыру арқылы жалпы жұмыс сапасын жақсартуға арналған.

Модульді құру барысында автоматтандыру объектісінің келесі технологиялық, өндірістік, экономикалық, техникалық көрсеткіштеріне қол жеткізіледі:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есеп құжаттарының реттелетін нысандарын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • Оқу процесінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинау және сақтау арқылы есептерді автоматтандыру үшін база құру;
  • Оқу процесін ұйымдастыруға жауапты қызметкерлердің уақытша ресурстарын босату мақсатында күнделікті жұмысты автоматтандыруды қамтамасыз ету.