Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 2 желтоқсанда педагогикалық тәжірибені жинақтау, тарих мұғалімдері жұмысының кәсіби деңгейі мен беделін арттыру мақсатында «Үздік тарихшы - 2022» облыстық байқауының финалдық кезеңін өткізді.
Байқау үш кезеңде өткізілді:
1 кезең «Визит карточкасы», тарих мұғалімдері пәнді оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларымен бөлісті.
2 кезең «Тарихи тұлғалар», педагогтар Қазақстан тарихының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалардың, Алаш ордалықтардың театрландырылған қойылымдарын көрсетті.
3 кезең «Мамандығым-мақтанышым» «TEDx» форматындағы педагогтар заманауи шешендік өнерді, өз эмоцияларын басқара білу және басқалардың эмоцияларын басқара білу қабілеттерін көрсетті.
Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде:
- Тұтқыш Айдана Жаңбырбайқызы, «Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат-лицейі» КММ
1 орын
- Қалиасқаров Сағат Ерғалыұлы, Ақтоғай ауданының «Т. Ақышұлы атындағы ОМ» КММ.
- орын
- Шах Лидия Альбертқызы, Қарағанды қаласы. «Ы Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ.
- Темірғалиев Ерлан Манарбекұлы, Бұқар Жырау ауданының «Ботақара жалпы білім беретін мектебі» КММ.
3 орын
1. Игембаев Руслан Қартайұлы, Шет ауданының «Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ.
2. Нығыман Миржан Аққошаұлы, Шахтинск қаласы «А.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ.
3. Ахмет Бахтияр Кинжатайұлы, Осакаров ауданының «А.Бөкейханов атындағы Тірек мектебі (РО)» КММ.
«Озық ой» номинациясы:
- Ермағанбетова Анель Ауелбекқызы, Балқаш қаласының «А.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ.
Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Мұғалімдерге қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамауға, алға ұмтылуға, оқушыларына бар жақсылықты беруге тілектеспіз!