Размер шрифта:
«Мектепте медиация қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар
02-12-2022 05:37
«Мектепте медиация қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар

      2022 жылдың 02 желтоқсанында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының медиациясы қызметіне жауапты педагогтері үшін Саран қаласының мектептерінің медиация қызметінің ұйымдастырылуы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау семинары өткізілді.

Мақсаты:Мектеп медиациясы қызметін әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеу

Семинарда Саран қаласындағы білім беру ұйымдарындағы медиация қызметі, жанжал жағдайындағы мұғалімнің іс-қимыл алгоритмі,тәуекел тобындағы балалармен жұмыс, мектептегі білім беру қызметі және мектептегі медиативтік кеңістік арқылы медиация қызметінің тиімділігі мәселелері талқыланды.