«Мектепте медиация қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар
2022 жылдың 02 желтоқсанында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының медиациясы қызметіне жауапты педагогтері үшін Саран қаласының мектептерінің медиация қызметінің ұйымдастырылуы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау семинары өткізілді.
Мақсаты:Мектеп медиациясы қызметін әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеу
Семинарда Саран қаласындағы білім беру ұйымдарындағы медиация қызметі, жанжал жағдайындағы мұғалімнің іс-қимыл алгоритмі,тәуекел тобындағы балалармен жұмыс, мектептегі білім беру қызметі және мектептегі медиативтік кеңістік арқылы медиация қызметінің тиімділігі мәселелері талқыланды.