АНОНС
08-12-2022 17:47

Қарағанды облысының білім басқармасы, ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспарына және Абай даму Альянсы мектептерінің жоспарына сәйкес Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде 2022 жылдың 8 желтоқсанында «Абай мұрасы-адами құндылықтың биік шыңы»  атты облыстық  бейне-пресс-құрылтайы өткізіледі.  

Мақсаты: Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыру.

Абайтанушы ғалымдардың, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс, Абай шығармалары бойынша жоба қорғау, қара сөздері бойынша саундтрек бағытындағы байқаулар алаңдары жоспарлануда.

Құрылтайға орта, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің білім алушылары мен педагогтары қатысады.