«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бірінші кезеңі
01-12-2022 17:26
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының бірінші кезеңі

«Табыс симфониясы»

педагогикалық шеберлік байқауының бірінші кезеңі 

    Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 1 желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Табыс симфониясы» атты педагогикалық шеберлік байқауының «Өзін-өзі таныстыру» бірінші кезеңі өтті. Байқауға Қарағанды облысының 39 жас педагогтары:15 орыс тілі мен әдебиеті және 24 ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Байқау қатысушылары 2-3 минут ішінде өз проблемаларын, міндеттер мен нәтижелерін тұжырымдауы, өздерінің педагогикалық қызметінің негізгі идеяларын сипаттауы, сондай-ақ өздерінің қадір-қасиеттерін атап көрсету арқылы, педагог ретінде өздерінің имиджін ұсынуы қажет болды.

     Мұны қатысушыларға ережені сақтай отырып, еркін түрде жасау ұсынылды. «Өзін-өзі таныстыру» конкурстың екінші кезеңіне өздерін лайықты көрсеткен конкурстың барлық 39 қатысушысы өтті.Қазылар алқасының мүшелері Валерия Евгеньевна Халипенко, Айша Булатовна Жаманова, Карина Эдуардовна Кизилбаева – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің; және Рейх Ангелина Владимировна, Александра Аликовна Исламова, Юлия Юрьевна Витвицкая және Ақерке Бегдуллаевна Байбекетованың – ағылшын тілі мұғалімдерінің сөздерін ерекше атап өтті. Қызықты сөз сөйлеуі, саналы дайындық, шынайылық, өз ісін шынымен жақсы көретін барлық қатысушылардың қызығушылығы «Табыс симфониясы» байқауының бірінші кезеңінің серігі болды.