Қарағанды облысының білім басқармасы, ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспарына және Абай даму Альянсы мектептерінің жоспарына сәйкес Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде 2022 жылдың 8 желтоқсанында «Абай мұрасы-адами құндылықтың биік шыңы» атты облыстық бейне-пресс-құрылтайы өтті.
Мақсаты: Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыру.
Ғасырлық тарихы бар білім ордасының 90 жылдығымен тұспа-тұс келген құрылтайға жазушы, ф.ғ.д.,профессор, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., әдебиеттанушы ғалым, сыншы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академигі Смағұлов Жандос Қожахметұлы; «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д, профессор Картаева Айжан Маратбекқызы; Абай атындағы ҚазҰПУ «Абайтану» ҒЗО атқарушы директоры, «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті Шойынбет Жабал Алшынбекұлы; ақын, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Габуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы; «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтының аға оқытушысы Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы; Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Жақсылықова Саягуль Жақсылықовна; Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы Агдарбекова Гульмира Женисбековна және Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскерлері, қаланың мектеп директорлары, пән мұғалімдері қатысты.
Құрылтай қонақтарына «Заманамен үндескен білім ордасы» бөлімінде мектептің Абай залы және этнография залдарын аралап, мектептегі ғылыми зерттеу жұмыстары: гидропоника, ІТ саласы, «АвтографTime» түлектермен кездесу, «Жас журналистер» клубтарының алаңдары көрсетілді.
Пленарлық отырысқа дейін Құрылтай аясында екі бағыт бойынша, атап айтқанда Абай шығармалары бойынша жоба қорғау, қара сөздері бойынша саундтрек бағытындағы алаңдар жұмыс жасады. Байқауларға барлығы 127 қатысушы сұраныс берді. Оның ішінде 44 қатысушы «Жоба» бағытына, 83 қатысушы «Саундтрек» бағытына жұмыстарын ұсынды.Қазылар алқасының сараптауынан өткен 10 жұмыс секциялық алаңдарда қорғалды.
Құрылтайдың пленарлық отырысында Абайтанушылар ұлы ойшылдың шығармаларындағы терең ойды бүгінгі ұрпақ тәрбиесімен үндестіріп, өз баяндамаларында Абайдың рухани мұрасына жан-жақты талдау жасады.
Құрылтайдың соңы мектеп ұжымы дайындаған «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» әдеби музыкалық композициясымен аяқталды. Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» директоры Рахимберлина Қарлығаш Тишбековна «Абай мұрасы – адами құндылықтың биік шыңы» аймақтық бейне-пресс-құрылтайын 2023 жылы өткізуді Абай даму альянсы мектептерінің құрамындағы Абай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы №5 мектеп-гимназиясына жолдады.
Шараға онлайн режимінде 800-ден артық көрермен, офлайн форматта 300-ге жуық адам қатысты.