«Өсу сатысы» жас әдіскерлер мектебі
15-12-2022 17:23

      2022 жылдың 12-15 желтоқсан аралығында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдардың жас әдіскерлеріне арналған «Өсу сатысы» курстарын өткізеді.

Курс 5 блоктан тұрады::

1 блок. «МДҰ әдістемелік жұмысының ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері». (Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік қызмет).

2 блок. «Жаңа білім беру жағдайындағы педагогтің тиімділігі».

3 блок. «Педагогтерді әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру».

4 блок. «Заманауи білім беру кеңістігінің жаңа мүмкіндіктері».

5 блок. «Заманауи балабақша моделі».

Курс қазақ және орыс тілдерінде ZOOM платформасында Online режимінде өткізіледі