2022 жылдың 09 желтоқсанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысыжөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтары үшін вебинар өткізді.
Мақсаты:балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша педагогтердің білімін кеңейту, қатыгездік жағдайында қалған оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету деңгейін арттыру.
Вебинар спикерлері: Тультаева Факизат Мукановна, Қарағанды облысының ПД жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі; Тоқмағамбетов Данияр Саппыевич, Қарағанды қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; Голомолзина Татьяна Владимировна, Қарағанды қаласының «Оқушылар сарайы» КМҚК педагог-психологы.