2022 жылдың 13 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының информатика мұғалімдері қауымдастығының мүшелері «Информатика»пәнінің жас педагогтері үшін тәжірибеде тиімді жұмыс әдістерін оқыту мақсатында семинар өткізді.
Оқыту семинары барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- «Мұғаліммен бірге оқу. Нейрондық желілердің көмегімен міндеттерді шешу « - Арцыбашев Андрей Владимирович, Бұқар Жырау ауданы «Токарев ЖББМ (РО)» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сабақтарда Робот - көмекшіні пайдалану» - Колтунова Анна Валерьевна, Нұра ауданы» «С.Сейфуллин атындағы ЖЖБМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі.
–«Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру құралы ретінде Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесі» –Алданзарова Бақыт Шәріпқызы, Теміртау қаласы «№9 мектеп –лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі.