Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында жоғары рухани дәрежедегі, әлеуметті-белсенді тұлға тәрбиелеуді алға қою мақсатында 2016 жылдың 3-5 ақпаны аралығында жарыссөз клубының үйлестірушілеріне арналған теориялы-тәжірибелік курс өтті.
Жарыссөзшілер клубы келесі құрылымда жүргізілді:
· Әрекеттеуші тұлға
· Сценаридің жаңа кезеңі
· Төрешілік
· Резолюция түрін тану
· Құндылықтар бойынша резолюция
· Құрылым бойынша резолюция
· Саяси-жарыссөз резолюциясы
· Американдық Парламенттік үлгі
· Британдық Парламенттік үлгі
· Карл Поппер үлгісі
· Линкольн-Дуглас үлгісі
Екінші бөлімде курс жүргізушісі қатысушыларды кейс құрылысы әдістемесімен таныстырды, сонымен қатар өз көзқарасын дәлелді түрде қорғауға үйретті.
Жарыссөзшілердің теориялы - тәжірибелік курсына 33 колледж өкілі қатысып, курс соңында сертификаттарға ие болды. Курсты «Қарағанды қаласы жастармен жұмыс жөніндегі орталық» маманы Сарсенов Санжар жүргізді.