Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2016 жылдың 3-5 ақпаны аралығында жарыссөз клубының үйлестірушілеріне арналған теориялы-тәжірибелік курс өтті.
05-02-2016 04:10
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2016 жылдың 3-5 ақпаны аралығында жарыссөз клубының үйлестірушілеріне арналған теориялы-тәжірибелік курс өтті.

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында жоғары рухани дәрежедегі, әлеуметті-белсенді тұлға тәрбиелеуді алға қою мақсатында 2016 жылдың 3-5 ақпаны аралығында жарыссөз клубының үйлестірушілеріне арналған теориялы-тәжірибелік курс өтті.

  Жарыссөзшілер клубы келесі құрылымда жүргізілді:

·        Әрекеттеуші тұлға

·        Сценаридің жаңа кезеңі

·        Төрешілік

·        Резолюция түрін тану

·        Құндылықтар бойынша резолюция

·        Құрылым бойынша резолюция

·        Саяси-жарыссөз резолюциясы

·        Американдық Парламенттік үлгі

·        Британдық Парламенттік үлгі

·        Карл Поппер үлгісі

·        Линкольн-Дуглас үлгісі

 

    Екінші бөлімде курс жүргізушісі қатысушыларды кейс құрылысы әдістемесімен таныстырды, сонымен қатар өз көзқарасын дәлелді түрде қорғауға үйретті.

    Жарыссөзшілердің теориялы - тәжірибелік курсына 33 колледж өкілі қатысып, курс соңында сертификаттарға ие болды. Курсты «Қарағанды қаласы жастармен жұмыс жөніндегі орталық» маманы Сарсенов Санжар жүргізді.