Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 22 желтоқсан күні «Бір отбасы-бір кітап» облыстық Акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауының ақтық кезеңін өткізді.
Мақсаты - отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, оқу мәдениетін дамыту, оқырман отбасын анықтау.
Облыстық ақтық кезеңге облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша (оқыту тілін ескере отырып) ең көп ұпай санын жинаған 15 отбасы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша
Бас жүлде - Шәріп отбасы, Қарқаралы ауданы;
1-орын – Бақытболаттар отбасы, «Озат» ММИ;
2-орын – Тілеуғабыл отбасы, Саран қаласы;
2-орын – Әбділдә отбасы, «Нығмет Нұрмақов атындағы» ММИ;
3-орын – Касеновтер отбасы, Шахтинск қаласы;
3-орын – Амантай отбасы, «Жамбыл атындағы» ММИ;
3-орын – Алпысовтар отбасы, «Дарын» ММИ;
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
«Өнегелі отбасы» - Омашевтар отбасы, Осакаров ауданы;
«Позитивті отбасы» - Әбдіқасовтар отбасы, Шет ауданы;
«Шығармашыл отбасы» - Калкеновтер отбасы, Қарағанды қаласы;
«Креативті отбасы» - Тулеубековтер отбасы, Осакаров ауданы;
«Өнерлі отбасы» - Сурначевтар отбасы, Саран қаласы;
«Зияткер отбасы» - Храмовтар отбасы, Теміртау қаласы;
«Еңбекқор отбасы» - Хасановтар отбасы, Шет ауданы;
«Көрермен көзайымы» - Нурмагамбетовтер отбасы, Балқаш қаласы.
Байқауды 400-ге жуық көрермен тамашалады.