2014 жылы 23 қазанда Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мектеп әкімшілігіне арналған TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындалу мақсатында семинар өтті. Семинарға Карағанды, Сәтбаев, Темиртау, Балхаш, Қаражал, Абай қалаларының және Осакаров, Жаңаарқа аудандарының мектеп басшылары мен мектеп координаторлары қатысты. Семинарға қатысушылар Қазақстанда өткізілген халықаралық зерттеулермен танысты. Қатысушыларға TIMSS халықаралық зерттеуінің құралдары, оны өткізу жайлы ұсыныстар, зерттеу барсында жіберілген негізгі олқылықтар туралы мәлімет және тапсырмалар үлгісі ұсынылды. Барлық семинар қатысушыларына TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындықтың жұмыс жоспарын және тест сұрақтары қорын құру бойынша тапсырмалар берілді.
2014 жылы 23 қазанда Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мектеп әкімшілігіне арналған TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындалу мақсатында семинар өтті.