Жас педагогтердің «Тілдес! Жаса! Қолдан!» педагогикалық фестивалі
21-12-2022 08:16
Жас педагогтердің «Тілдес! Жаса! Қолдан!»  педагогикалық фестивалі

      2022 жылдың 21 желтоқсанында «Алға қадам» жобасын іске асыру аясында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен жас педагогтердің «Тілдес! Жаса! Қолдан!» педагогикалық фестиваліөтті.

Фестиваль Қарағанды облысы колледждерінің 40-қа жуық жас педагогтерін жинады, олар біржақты тәжірибе алмасу форматында өткізілген түрлі қызмет бағыттары бойынша іс-шараларға қатысты.

Фестиваль бағдарламасының авторы колледждің әдістемелік қызметі болды. Фестивальдің ашылуын колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.М.Хасенов жүзеге асырды.

Модераторлар көрсеткен мастер-класстар мазмұны бойынша қызықты және танымдық болды. Колледждің жас оқытушылары өз шеберліктерін көрсетті, фестиваль қатысушыларын педагогикалық қызметінде қолданылатын ең тиімді жұмыс түрлерімен таныстырды.

Қатысушылар экскурсия барысында танысқан «WorldSkillsOpenSpace» және «ЖасМаман» құзыреттілік орталықтарының материалдық базасы, сонымен қатар фестиваль соңында өткізілген тренинг элементтерімен білім беру интерактиві, жас педагог-психолог Ш.Н.Усенов ерекше қызығушылық тудырды. Бірлескен жұмыс жағымды эмоциялар мен көптеген пайдалы ақпарат әкелді.

Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Т.Г.Нартова өткізілген іс-шараға жоғары баға берді, іс-шараны ұйымдастырғаны және тәжірибе ұсынғаны үшін әдістемелік қызмет пен модераторларға сертификаттар табыс етті.