Колледждердің жас әдіскерлеріне арналған оқыту
28-12-2022 17:46
Колледждердің жас әдіскерлеріне арналған оқыту

      2022 жылдың 28 желтоқсанында «Жас әдіскер мектебі» шеңберінде «Жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша облыс колледждерінің жас әдіскерлерін оқытудың кезекті сабағы өткізілді.

Оқытудың мақсаты - жас мамандарға оқу орнының әдістемелік қызметінің жұмысына бейімделуге, теориялық білімді жетілдіру мәселелеріне практикалық көмек көрсету.

Оқу барысында бағдарламаға сәйкес «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренері, «Қарағанды агротехникалық колледжі»" КММ оқытушысы Т.А. Байсаринова «Колледждегі жобалық қызмет» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Оқыту соңында модераторлар, ТжКББ бөлімінің меңгерушісі А.А. Кнашина мен әдіскерлердің ОӘБ төрайымы Е.А.Кашина рефлексия жүргізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді және оқытудың қорытындысы шығарылды.

Оқытуға колледждердің 19 жас әдіскері қатысты.