2016 жылдың 5 ақпанында Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінде Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология мамандығы оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
05-02-2016 04:54
2016 жылдың 5 ақпанында Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінде Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология мамандығы оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

    2016 жылдың 5 ақпанында Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінде Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология мамандығы оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс барысында облыс колледждері оқытушыларының инновациялық қызметін қолдау және дамыту мақсатында колледждер арасындағы  «Үздік медиа -сабақ» байқауы өтті.

    Отырысты алғысөзбен ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері Еставлетова Атыркуль Алгатаевна, Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінің директоры Тамабаева Раиса Хакимовна ашты.

   Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология мамандығы оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Такшылыкова Дина Ракишевна «Үздік медиа - сабақ» байқауының ережелерімен таныстырып, байқаудың өту барысын қадағалады.

   Байқау әдістемелік, ұйымдастырушылық тұрғыдан жоғары деңгейде өтті.

  Білікті қазылар алқасы «Үздік  медиа-сабақ» байқауының қатысушыларын келесі орындар бойынша орналастырды:

   1 орын «Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі» - Жиенкулова Рауза Ракиповна, Цай Дмитрий Владимирович 

   2 орын  «Қарағанды политехникалық колледжі» - Рамазанова Алина Талгатовна және «Теміртау политехникалық колледжі» -  Кошкинова Назгуль Алихановна

   3 орын «Қарағанды политехникалық колледжі -  Сыздык Айгерим Муратовна және Теміртау «Мирас» көп салалы  колледжі - Шепеленко Светлана Викторовна, Трофимова Екатерина Сергеевна.