Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Ғылым тілі: ғылыми мақаланың стильдік ерекшелігі» оқыту семинары
2023 жылдың 4 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығымен бірге Қысқы мектеп аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Ғылым тілі: ғылыми мақаланың стильдік ерекшелігі»тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жақан Жұпар Рысқұлқызы семинар тақырыбы бойынша практикалық жұмыстарға ұштасқан теориялық құнды мәліметтер берді.
Оқыту семинарына облыстың 200-ге жуық педагогтері қатысты.