Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 05 қаңтар күні «Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шеберлік-сыныптары өткізілді.
Қысқы мектеп жұмысы аясында ұйымдастырылған іс-шарада педагогтар біріктірілген 3+4 сыныптағы математика, 7+8 сыныптардағы орыс тілі мен география пәндерінен шеберлік-сыныптарын өткізіп, өз іс – тәжірибелерімен бөлісті:
Ибраева Жанбота Сериковна – Қарқаралы ауданы № 9 бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
Сапарова Гульнур Усеновна – Қарқаралы ауданы, А.Байтұрсынов атындағы № 26 негізгі орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі;
Тяжина Маржан Балтабекқызы – Ақтоғай ауданы, С.Ибраев атындағы негізгі орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Қысқы мектеп жұмысына 55 мұғалім қатысты.