ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ
05-01-2023 13:42
ШАҒЫН  ЖИНАҚТЫ  МЕКТЕП  МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ   ҚЫСҚЫ  МЕКТЕБІ

      Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу – әдістемелік  орталығының  жоспарына  сәйкес  2023  жылдың  05  қаңтар  күні  «Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген  сыныптарда  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  тиімді  әдіс-тәсілдері»  тақырыбында  шеберлік-сыныптары  өткізілді.

          Қысқы  мектеп  жұмысы  аясында ұйымдастырылған  іс-шарада    педагогтар  біріктірілген 3+4 сыныптағы  математика,  7+8 сыныптардағы орыс тілі мен  география пәндерінен шеберлік-сыныптарын  өткізіп,  өз  іс – тәжірибелерімен  бөлісті:

Ибраева Жанбота Сериковна – Қарқаралы  ауданы   № 9 бастауыш мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі;

Сапарова Гульнур Усеновна – Қарқаралы  ауданы,   А.Байтұрсынов атындағы  № 26 негізгі  орта  мектебінің  орыс тілі пәні мұғалімі;

Тяжина Маржан Балтабекқызы – Ақтоғай  ауданы,    С.Ибраев атындағы негізгі  орта  мектебінің  география  пәні  мұғалімі.

Қысқы  мектеп жұмысына    55  мұғалім  қатысты.