ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ
05-01-2023 13:55
ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылының 4-5 қаңтар күндері педагогикалық тәжірибе алмасу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Қысқы мектеп аясында вебинар өткізді. Химия пәні мұғалімдері пән бойынша күрделі есептердің шешу жолдарын және олимпиадалық есептермен жұмыс жасады.

Вебинарда өз тәжірибелерімен бөлісіп, өткізді:

  1. Мекеева Бағдагул Болатовна, химия пәнінің мұғалімі «Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ» КММ Осакаров ауданы
  2. Фёдорова Наталья Владимировна, химия және биология  пәнінің мұғалімі «№32 ЖББМ» Қарағанды қаласы
  3. Филатова Елена Сергеевна, химия пәнінің мұғалімі «№1 мектеп-лицей» КММ Саран қаласы
  4. Кудашева Татьяна Валерьевна, химия пәнінің мұғалімі «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО)» Нұра ауданы
  5. Кокенова Эльмира Сагындыковна химия пәнінің мұғалімі, №4 мектеп-интернаты» Қарағанды қаласы

Қатысқандар: 191.