2016 жылдың 3 ақпанында Теміртау политехникалық колледжінде химия және биология пәндері оқытушыларының «1 курс студенттері арасында химия пәні бойынша зертханалық жұмысты жүргізудің әдістемесі» тақырыбындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті
03-02-2016 05:20
2016 жылдың 3 ақпанында Теміртау политехникалық колледжінде химия және биология пәндері оқытушыларының «1 курс студенттері арасында химия пәні бойынша зертханалық жұмысты жүргізудің әдістемесі» тақырыбындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті

   2016 жылдың 3 ақпанында Теміртау политехникалық колледжінде химия және биология пәндері оқытушыларының «1 курс студенттері арасында химия пәні бойынша зертханалық жұмысты жүргізудің әдістемесі» тақырыбындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

   Отырысты алғысөзбен ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіби білімді дамыту бөлімінің әдіскері Еставлетова Атыркуль Алгатаевна мен ОӘБ жетекшісі Стороженко Найля Гайнисламовна ашты.

    Отырыс барысында Теміртау политехникалық колледжінің оқытушысы Солошенко Ксения Вячеславовна «1 курс студенттері арасында химия пәні бойынша зертханалық жұмысты жүргізудің әдістемесі» тақырыбында» ашық сабақ өткізді.

     Теміртау политехникалық колледжінің оқытушылары Слухай Ольга Леонардовна мен Емельянова Оксана Вальеревна химия пәні бойынша 1 курс студенттеріне арналған аудиториядан тыс іс-шара ұсынды.

   Тәжірибе алмасу мақсатында баяндамалар тыңдалды:

  •        «Химия мен биологияны оқыту үрдісінде қолданылатын әдістер»- Теміртау кәсіби-техникалық колледжінің оқытушысы Т.А. Шишук.

  •        «Химия пәнін оқытудағы тәсілдер» - Теміртау кәсіби-техникалық колледжінің оқытушысы О.В.Нечаева.

   Отырыс соңында бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, рефлексия жүргізілді.