Қарағанды облысы директорларының кадр резервіне алынған педагогтерге арналған «Болашақ басшы» кадрлық резервінің курсы
06-01-2023 10:19
Қарағанды облысы директорларының кадр резервіне алынған педагогтерге арналған  «Болашақ басшы» кадрлық резервінің курсы

      2023 жылдың 4,5,6 қаңтарда Қысқы мектеп аясында директорлардың кадр резервіне алынған педагогтер үшін 2 модуль «Болашақ басшы» оқыту курсы жүргізілді.

      Резервшілермен сабақтар білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді талқылаудан басталды. Сондай-ақ, басқарушылық шешімдер қабылдайтын қызметкерлер алдында күн сайын туындайтын мәселелер қаралды.

Кадрлық резерв курсы бойынша оқыту келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы;
  • Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 494 бұйрығы. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 142 Бұйрығы.
  • «Lesson Study сабағынзерттеу, Action Research әдісінқолдану»;
  • Мектепте медиация қызметінің қызметін ұйымдастыру;
  • Облыс педагогтерінің әдістемелік өнімдерін қарау жөніндегі облыстық Сараптамалық кеңестің жұмысы туралы;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы.  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
  • Білім беру ұйымдарындағы ақпараттандыру;
  • Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
  • «Білімал»  автоматтандырылған басқару жүйесі;
  • Жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру;
  • Халықаралық зерттеулердің  маңыздылығы мен ерекшеліктері;
  • Мектептің даму бағдарламасын жасау жолдары.

Курсспикерлері: Б.Х.Абдикерова, ББД ОӘОдиректоры; Е. Р. Аринов, ББД ОӘОдиректорының орынбасары; Д. А. Суртубаева, ББД ОӘОдиректорының орынбасары; А. К. Мусина, Балқаш қаласындағы «№24 мектеп-интернат»КММ директоры; С. Е. Қасымканова,Қарағанды қаласының «№ 27 ЖОББМ» КММ директоры; Г. Г.Мукашева, МДжЖОББ бөлімінің меңгерушісі; Ж. А.Сартаева, ИОТжЭББ бөлімінің меңгерушісі;А. А.Казиева, ҚББжҰТИД бөлімінің меңгерушісі; А. З. Мұхамедьярова, ББМТжСДбөлімінің меңгерушісі; Е. А. Горбатова, Саран қаласы білім бөлімінің әдіскері; С. К.Омаров, «Мағжан Жұмабаев гимназиясы»КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;А.Х.Қалмагамбетова, ББД ОӘОәдіскері; Г.О. Сулейманова, ББД ОӘОәдіскері; У. Т.Дауыпбаева, ББД ОӘОәдіскері; С. К.Толепбекова, ББД ОӘОәдіскері; Е. В.Цай, ББД ОӘОәдіскері.

 «Болашақ басшы» кадрлық резерві курстары ZOOM платформасында мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Курс бойынша барлығы 50 тыңдаушы қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 26, орыс тілінде – 24.