Балқаш қаласындағы білім беру ұйымдарының дебат клубтарының жетекшілеріне арналған оқыту тренингі
12-01-2023 04:48
Балқаш қаласындағы білім беру ұйымдарының дебат клубтарының жетекшілеріне арналған оқыту тренингі

      2023 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Балқаш қаласының білім бөлімімен бірлесіп өңірдің пікірсайыс клубтарының басшыларына арналған оқыту тренингін өткізді.

Дәріс берген: Безродная Валерия Александровна, А. Сағынов атындағы ҚарТУ «Самұрық» пікірсайыс клубының орыс лигасының үйлестірушісі.

Тренинг төрт бөлімнен тұрды, оның барысында қатысушылар дебат турнирін ұйымдастыру кезеңдерін практикалық деңгейде қарастырды.

Тренинг жұмысына 21 дебат клубтарының жетекшілері қатысты.