Анонс
31-01-2023 05:58

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру оқушылардың логикалық, шығармашылық, сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында 2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап «Логика күні» аясында әр жұма сайын шеберлік сағаттарын өткізуді бастайды.

Шеберлік сыныптардың өту кестесі оқу әдістемелік сайтында бастауыш білім беру бөліміне орналасқан. Облыс мұғалімдерін «Логика күні» аясында өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.