«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг» оқыту - түсіндіру семинары
12-01-2023 06:03
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг» оқыту - түсіндіру семинары

      12.01.2023 ж. Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне, балабақшалардың, шағын орталықтардың әдіскерлеріне және мектепалды сынып тәрбиешілеріне арнап «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша мониторинг жүргізу критерийлері мен индикаторлары, әдістері мен тәсілдері ұсынылды. Сондай-ақ, Ехсеl кестесінде 1,2,3,4 мониторинг қосымшаларын толтыруды түсіндіру бойынша практикалық бөлім өткізілді.

Қатысушылар саны: 197 адам