Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған семинар
![Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған семинар](/media/img/blogs/63c0a0b5dee68.jpg)
2023 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының «Өркен» педагогтерінің қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында Абай ауданының «Дубовка ауылының Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубы» КМҚК педагогтері вокал сабақтарында интонациялау дағдыларын қалыптастыру, вокал бөлімінің оқушыларын оқытудағы «Жалпы фортепиано» пәнінің рөлі және бастауыш сыныптардың сольфеджио сабақтарында интерактивті тақта оқыту құралы ретінде мәселелері талқыланды.