Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
12-01-2023 06:22
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың қаңтар айының 12-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • «Мұрагер» мамандандырылған мектеп- интернаты» КММ 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну.
  • «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну.
  • Информатика пән мұғалімдеріне қысқы мектеп аясында өткен курстардың қорытындысы.
  • «Бейнеролик жасау», «Microsoft Excel» курстарының қорытындысы.

 

Әдістемелік күнге 26 әдіскер және білім беру ұйымдарының директорларының орынбасарлары қатысты.