Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
11-01-2023 08:48
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

      2023 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

      Отырыста мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің қазақ және орыс сыныптарындағы берілісі, І жарты жылдық қорытындысы туралы кафедра жетекшілерінің, облыс әдіскері Г.Жаркееваның талдауы тыңдалды. Сонымен қатар Өрлеу «АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының аға оқытушысы Смагулова Ғазиза Ғабдоллақызы «Авторлық бағдарламалар құрастыру әдістемесі» тақырыбында құнды деректер, кеңестер берді.

          Облыстық әдістемелік бірлестік отырысына барлығы 30-ға жуық  педагогтер қатысты.