«Зейін» педагогикалық жобасы аясында биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған вебинар
17-01-2023 07:41
 «Зейін» педагогикалық жобасы аясында биология және химия  пәні мұғалімдеріне арналған вебинар

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 17 қаңтарында «Зейін» педагогикалық жобасы аясында биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған вебинаөткізді.

Вебинарда Қарқаралы ауданының  «Жалпы білім беретін №32» КММ  мектебінің биология пәнінің мұғалімі Толегенова Бибигуль Толегенкызы «Биология пәнінен құндылыққа негізделген тапсырмаларды құрастыру», Саран қаласының «1 мектеп –лицей» КММ-нің химия пәнінің мұғалімі Филатова Елене Сергеевна «Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін химия сабақтарында контекстік тапсырмаларды қолдану»  және Балқаш қаласының «Алихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей» КММ-нің химия пәнінің мұғалімі Ахтанова Бакытгул  Бекболатовна «Химия сабағында зертханалық жұмыстарды құндылықтарға негіздеп жүзеге асыру» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарға Қарағанды облысының 100-ге жуық биология және химия пәнінің мұғалімдері қатысты. Белсенді, өзара пікір алмасу жүріп, вебинар сәтті өткізілді.