Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын колледждердің тәжірибемен алмасу семинары
17-01-2023 08:46
Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын колледждердің тәжірибемен алмасу семинары

      2023 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысындабілім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімімен қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын колледждердің тәжірибемен алмасу семинары өткізілді.

Семинарды өткізудің мақсаты-Қарағанды облысы колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының кәсіби қызметінің сапасын арттыруға ықпал ету.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 16 өкілі қатысты.

Семинарда спикер ретінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы Бөжиг Жанболат шақырылды, ол қатысушылармен колледжде қалданбалы бакалавриат бағдарламасын бітірген түлектердің университетте білімін жалғастырудағы өзекті мәселелерітуралы бөлісті.

Семинар барысында сұрақтар қаралып, талқыланды:

- Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде қолданбалы бакалавриатты дамыту перспективалары;

- Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжінде қолданбалы бакалавриат жұмысын ұйымдастыру;

- Теміртау жоғары политехникалық колледжінде қолданбалы бакалавриатты дамыту перспективалары.

Семинарға қатысушылар баяндамалардытыңдап, талқылады. Қарағанды облысының колледждерінде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын дамыту және енгізу бойынша айтылған мәселелердің өзектілігін атап өтті.