2023 жылғы 16 қаңтарда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында онлайн режимде мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының тарих және география мұғалімдерінің ӘБ отырысын өткізді.
Тарих және география мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысында:
1. 2021-2022 оқу жылының және 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих және география бойынша білім сапасы.
2. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізілуі туралы.
25 педагог қамтылды